Қазақстанның екінші, әлемнің 31-ракеткасы Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 110-орында тұрған аргентиналық Солана Сьеррамен өткізді.
Бірінші партияда аргентиналық спортшы 3:0, 4:1 есебімен алға кетті. Путинцева таразы басын теңестіріп қана қоймай, сетті өз есебіне жазды – 7:6 (7:4).
Екінші сет жеңілдеу тиді – 6:2.
Бір сағат 39 минутқа созылған бәсекеде Юлия эйс жасамағанымен, 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Сьерра 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Юлия Путинцева үшінші айналымға өту үшін әлемнің 65-ракеткасы, америкалық Кэти Волынец немесе рейтингіде 175-сатыдағы тайбэйлік Джоанна Гарлендтің қай жеңгенімен таласады.
Ю.Путинцева өткен жылы Ролан Гарроста екінші айналымға дейін жеткен еді.