Жамбыл облысында жыл бойы жиналған терінің 90 проценті қоқысқа тасталады, деп хабарлайды Turkystan.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Бекжан Момбеков – Түркістан облысының тұрғыны. Тері өткізумен айналысатын азамат жиған-тергенін Таразға келіп өткізеді. Себебі көрші облыста тері қабылдайтын пункт жоқтың қасы. Сондықтан обал болмасын деп 200 шықырымды артқа тастап келетін ол мұнысы шығынын ақтамайтын айтты. Қой терісіне сұраныстың жоқ, ал жылқы терісінің құйыршығы ғана қажетке жарайды.
"7-8 машина қойдың жүнін жинадым. Былтырдан бері өтпеді. Өртеп жібердім. Сиырдың терісі де қоқысқа тастадым. Көшеде, әр жерде сасып жатыр тері. Теріні, қойдың жүнін өңдеуді қолған жөн, – деді Түркістан облысының тұрғыны Бекжан Момбеков.
Ал тері жинайтын кәсіпкерлердің жағдайы мүлде мүшкіл. Себебі қабылдап алған өнім өтпей қалуы бек мүмкін. Мысалы 25 жылдан бері осы кәсіпті игерген Үсербек Мұқанов жиып қойған 1000 дана жылқы терісін далаға тастамақ. Себебі алар кәсіпорын жоқ.
"Не болатыны белгісіз. Кейде жинаған теріміздің жартысын қоқысқа тастаймыз. Өткізетін жер жоқ. Олар да қабылдамайды. Өртейтінін өртейміз", – деді кәсіпкер Үсенбек Мұқанов.
Аймақтағы тері зауыты өндіріс қуаттылығына қажетті теріні ғана қабылдайды. Бұл өнімге Ресей мен Қытайдан ғана сұраныс бар. Оның өзі көп емес. Ал аймақта жылына 900 мың тонна тері өнімі жиналса, соның бар болғаны 1 пайызы экспортталады.
"Қытай, Ресей 89 тонна тері ғана экспортқа шықты. Қалғандары қоқысқа айналды. Соңғы 10-15 жылда теріге деген сұраныс жоқ", – деді Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Дулат Оспанов.
Ал сауда және интеграция министрлігінің өкілдері тері экспорты үшін БАЖ салығының 3 жылға дейін алынып тасталғанын мәлімдеді. Соның есебінен кез келген кәсіпкер теріні сырт елге шығаруға мүмкіндік алып отыр. Мұндай шара тері кәсібімен айналысатын кәсіпкерлердің табысын 25 процентке арттырады.