Дәрігерлер «Горилла» сусынын ішкеннен кейін асқазаны тесілген науқастың видеосын көрсетті

/
Дәрігерлер «Горилла» сусынын ішкеннен кейін асқазаны тесілген науқастың видеосын көрсетті
Фото: Getty images

Көкшетауда 16 жастағы мектеп оқушысы энергетикалық сусындарды жиі ішудің салдарынан ауыр хәлге түсіп, қатты ішінің ауыруымен Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер шұғыл оған түрде ота жасауға мәжбүр болған, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Шұғыл лапароскопиялық операция барысында асқазандағы жара тігілді, іш қуысы іріңнен тазартылды және дренаж қойылды.

«Науқаста перфоративті жара және жайылған іріңді перитонит анықталды. Мұндай ауыр диагноздың себебі – энергетиктерге әуестік. Оның денсаулығы бұрынғыдай болмайды. Асқазанда тыртық пен жара іздері қалады», – деді Хирургия бөлімінің меңгерушісі Ернар Қожабеков.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың өміріне қауіп сейілді, алайда алда оны ұзақ оңалу кезеңі күтіп тұр. Бұл жағдай энергетикалық сусындардың жасөспірім денсаулығына төндіретін қауіпін айқын көрсетіп отыр.

Айта кетейік, мұндай жағдай осыған дейін де болған. Желіде ақхалат киген дәрігердің ота жасайтын бөлімде түсірген видеосы жарияланып, онда маман энергетикалық сусыннан жасөспірімнің асқазаны тесілгені хабарланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары