Әзербайжанның Баку қаласындағы Гарадаг ауданына қарасты Сахиль елді мекеніндегі Хагани көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінде қайғылы жағдай болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Жергілікті тұрғын Тебриз Мамедовтың 2023 жылы туған қызы Нилай ваннада суға батып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмған.
Қазір бұл факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Еске салсақ, жыл басында Павлодарда өгей әке 2 жасар қызды аяусыз ұрғаны туралы да жазған едік.