Шығын 20 млрд теңге: Уранды арзан бағамен сатқан Қазатомпромның бұрынғы директорына үкім шықты

/
Шығын 20 млрд теңге: Уранды арзан бағамен сатқан Қазатомпромның бұрынғы директорына үкім шықты
istockphoto.com

«Қазатомпром» АҚ коммерциялық істер жөніндегі бас директорына уранды төмендетілген бағамен сатқандығы үшін үкім шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2021-2022 жылдары басшы заңсыз 13 келісімшарт жасаған, олардың ішінде:

  • екі айлық мерзім өткеннен кейін қысқа мерзімді үш келісімшарт уранды төмендетілген бағамен сату бойынша;
  • уранды нарықтағы орташа бағадан төмен 10 келісімшарт, яғни келісімшарт жасалған күндегі уран бағасы оферта жіберілген кездегі котировка орташа мәнінен төмен болған.

Қылмыстық схема салдарынан мемлекетке 20,1 миллиард теңге көлемінде залал келтірген. Ал директор өзі 9 миллион теңге көлемінде бонус түрінде сыйақы алған.

Сот процесі барысында ол өз кінәсін мойындаған жоқ.

«Сот үкімімен ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды, сондай-ақ "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасынан айыру туралы Президентке ұсыныс енгізілді», – делінген хабарламада.

Сот сондай-ақ жәбірленуші тараптың 20 миллиард теңгеден астам сомаға азаматтық талабын қанағаттандырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары