24-25 мамыр күндері Оралда дзюдо спортынан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионы, Әлем кубогінің иегері Асқар Шайхиевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы республикалық турнир ұйымдастырылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Жарысқа еліміздің Қзақастанның барлық өңірінен және Ресей Федерациясынан келген 300-ге жуық татами шебері қатысты.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне БҚО әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жарысты ашты. Ашылу сәтінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтеріліп, шымылдығы ашылды. Сонымен қатар ашылу рәсімінде қонақтар мен қатысушыларға Асқар Шайхиев туралы қысқаша естелік видеоролик көрсетіліп, еліміздің көрнекті дзюдо шеберінің спортқа қосқан үлесі айтылды.
Қонақтардың қатарында ҚР Дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Максим Раков, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев, ҚР Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің өкілі, Шайхиевтер отбасының досы Рысбек Қыдырбек, БҚО дзюдо федерациясының президенті Рустам Шайхиев болды.
Жарыс нәтижелері:
24 мамыр
• 60 кг: 🥇 Зейнолла Нұрхан | 🥉 Қабдололов Арман, Зинуллин Асылхан
• 52 кг (әйелдер): 🥈 Сұпығалиева Фатима | 🥉 Мұрадимова Айшабибі
• 66 кг: 🥇 Зайзағалиев Нұрсұлтан | 🥈 Бақытғалиев Шерхан
• 73 кг: 🥇 Сейітқалиев Сенім | 🥈 Сейітқалиев Саят
25 мамыр
• 81 кг: 🥇 Гайнуллин Ансарбек
• 90 кг: 🥉 Крылов Даниил
• 100 кг: 🥉 Габбасов Нұрымжан
• +78 кг (әйелдер): 🥇 Қазиева Әсел
Сондай-ақ, Ақтөбе облысы атынан 70 кг салмақта белдескен балуан Гүлнұр Бақанова турнирдің басты жүлдесі — автокөлікті жеңіп алды. Бұл — турнир тарихында тұңғыш рет автокөлік басты сыйлық ретінде тігілген, әрі тұңғыш рет әйел спортшының мұндай жүлдеге қол жеткізуі ретінде ерекше оқиға болды. Автокөліктің кілтін жеңімпазға облыс әкімі Нариман Төреғалиев салтанатты түрде өз қолымен табыс етті.