Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 1,24 теңгеге өсіп, 512,16 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық Банкінің 27 мамырға арналған ресми бағамы – 511,04 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа бағамы – 511,34 теңге, сату бағамы – 513,31 теңге. Астанада долларды орта есеппен 509,68 теңгеге сатып алып, 515,69 теңгеге сатып жатыр.
Еске салайық, 19 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,21 теңгеге өсті, 20 мамырда – 0,82 теңгеге өсті, 21 мамырда – 1,04 теңгеге төмендеді, 22 мамырда – 3,28 теңгеге төмендеді, 23 мамырда – 3,84 теңгеге өсті, ал 26 мамырда – 0,14 теңгеге өсті.