Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

/
Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
polisia.kz

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында 3 ауданда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

4 күдіктіден тұратын топ алдын-ала сөз байласып, жылқыларды жайылымнан ұрлап жүрген. Содан кейін ұрланған малды жүк көлігіне артып әкетіп, сойып, етін сатқан. 

Бүгінгі таңда күдіктілердің Мақтаарал, Жетісай және Келес аудандарының аумағында мал ұрлығының 10 фактісіне қатысы бары белгілі болды. Шығын 19 миллион теңгеге жуық.

Тінту барысында ұрланған 9 жылқы, жүк көлігі мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Күдіктілердің бірі осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары