Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан Азия чемпионатында бірінші орын иеленді

/
Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан Азия чемпионатында бірінші орын иеленді
kazsports.kz

Иордания астанасы Амман қаласында джиу-джитсудан жастар мен ересектер арасында өткен 9-шы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 74 медаль иеленіп, жеңіс туын желбіретті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сары құрлық додасында 27 елден 778 спортшы бақ сынады. Жарыс нәтижесінде Қазақстан 21 алтын, 27 күміс, 26 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте алдыңғы орыннан көрінді. Екінші орында - Таиланд тұрса, үздік үштікті Вьетнам түйіндеді.

Осылайша, отандастарымыз Азия төріндегі татамиде табандылық танытып, қайсарлықпен қарсылас шақ келтірмей ел мерейін үстем етті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары