Танымал тележүргізуші Жанат Бақыт Инстаграм парақшасында сүйінші жаңалығын жеткізді. Ол 41 жасында Құдайдың құдыретімен сәбилі болғанын мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.
«Пенде жоспар құрады, бірақ Құдайдың жоспары басқа болуы мүмкін. Қазақтың “Құдай қаласа” деп сөйлейтіні де осыдан шығар. 41 жасқа келгенде сіздерден “сәбилі болдым” деп сүйінші сұраймын деп ойлаппын ба? Әрине, жоқ. Жоспарымда да болмаған. Құдай қалап тұр ма, бітті екен (қалай сақтансаң да), кез келген сақтығыңның быт-шытын шығарып, шарана ішіңде 3-4 ай болғанша назарыңды басқаға аударып, білдірмей қояды. Одан кейін “толып бара жатқандаймын” деп айнаға қарайсың да, сосын барып біліп “мәәә” дейсің», - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұл – тележүргізушінің төртінші баласы.