Қазақстан қор биржасындағы (KASЕ) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағасы 511,04 теңгені құрап, 0,14 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлттық банктің 26 мамырға белгілеген ресми бағамы – 510,84 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 510,63 теңгеге сатып алып, 512,53 теңгеге сатып жатыр. Астанада долларды орташа есеппен 508,54 теңгеге сатып алып, 514,57 теңгеге сатып жатыр.
Еске сала кетейік, 19 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,21 теңгеге, 20 мамырда 0,82 теңгеге өсті, 21 мамырда 1,04 теңгеге, 22 мамырда 3,28 теңгеге төмендеді, ал 23 мамырда 3,84 теңгеге көтерілді.