«Мен Шерзаттың ісінен қуылдым» – Жәбірленуші тараптың адвокаты мәлімдеме жасады

/
«Мен Шерзаттың ісінен қуылдым» – Жәбірленуші тараптың адвокаты мәлімдеме жасады
Ғаламтор

Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырыстарына жәбірленуші тараптың адвокаты ретінде қатысып жатқан Бағдат Амандосұлы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, бұл істен шеттетілгенін айтты, деп жазады turkystan.kz.

«Марқұм Шерзаттың ісінен қуылдым. Не үшін қатыстым, түсініксіз. Мен Бағдат Амандосұлы, халықаралық құқық магистрімін. Жоғары оқу орындарындағы оқытушылық қызметімді санамағанда, он жылдық кәсіби заңгерлік тәжірибемде талай істі көрдім. Соның ішінде осы Шерзаттың ісіне қатысуды үлкен жауапкершілікпен қабылдадым. Кейін мен бір кісілердің кесірінен, түсініксіз себептермен, үнсіз жағайда түсініксіз шеттетілдім. Сот – цирк емес. Бұл жерде адам тағдыры шешіледі. Аптасына екі рет сот отырысына қатысып, қалған күндері куәгерлерге, сотталушыларға сұрақ дайындау, талдаумен айналыстым. Жәбірленуші тараптың мүддесін қорғау үшін барымды салдым. Бірақ бұл іске жан-тәнімен беріліп істеу үшін емес, атақ-даңқ үшін келгендерге кедергі болған тәріздімін. «Сотта тек мен ғана сұхбат беремін, жұрт алдына тек мен шығамын. Кімде-кім маған қарсы шықса, істен шығарылады. Бұл – менің ісім. Сендер – жалдамалыларсыңдар» деген талаптар бір түрлі көрінді. Менің жұмысымды иемденіп, кәсіби пікірім ескерусіз қалды. Кей әріптестерімнің қойған сұрақтары мен өтініштері үшін олар да істен шеттетілді. Бұл – кәсібилікке емес, эго мен монополияға негізделген тәсіл деп есептеймін. Мен бұған төзе алмаймын және көнбеймін. Себебі мен бұл іске біреудің имиджін көтеру үшін емес, ақиқатты табу үшін араластым. Халық маған сенді. Істен шеттетілгенім үшін олардың көңілі қалды. Сол сенімді ақтау үшін барымды салдым. Бірақ мен біреудің көлеңкесінде қалғым келмейді. Себебі бұл істегі қан хайп құралы емес», – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары