Мақпал Жүнісова Майра Ілиясоваға 1 млн теңге берді

/
Мақпал Жүнісова Майра Ілиясоваға 1 млн теңге берді
Коллаж: Turkystan.kz

Әнші Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесі Майра Ілиясованың туған күніне қандай сыйлық бергенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі Майра Ілиясованың 70 жас мерейтойында тілек айтып, шотына 1 миллион теңге аударғанын атап өтті.

«Шақырған қонақтарыңыздың бәрі келді. Ең бастысы, халық концертіңізді көріп, жасарып қалды. Туған күніңізге шапан әкелгім келді. Бірақ ондай шапанның сізде неше түрі бар. Сондықтан ұнатқан затыңызды аларсыз деген ниетпен шотыңызға 1 миллион теңге аудардым», – деді Мақпал Жүнісова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары