«AMANAT медиа сыйлығы – 2025» байқауына өтінім қабылдау басталды

/
«AMANAT медиа сыйлығы – 2025» байқауына өтінім қабылдау басталды
amanatpartiasy.kz

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «AMANAT» партиясы журналистерге арналған жыл сайынғы республикалық байқаудың басталғанын хабарлайды.

Ақпарат саласы өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған ашық конкурс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары, «Еңбек адамы», «Жұмысшы мамандықтары жылы», «Taza Qazaqstan», жастардың қоғамдағы рөлі және тағы басқа негізгі тақырыптарды қамтиды.

«AMANAT медиа сыйлығы» бұқаралық ақпарат құралдарының жанрына қарамастан, тақырыптық бағыттар бойынша табысталады.

Сонымен қатар «Алаш аманаты», Шерхан Мұртаза мен Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» және белсенді азаматтық ұстаным үшін арнайы жүлделер қарастырылған.

Өтінімдер 23 мамыр мен 17 маусым аралығында қабылданады. Салтанатты марапаттау рәсімі маусым айының соңында, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өтеді. Жеңімпаздарға «AMANAT» медиа-премиясы, мүсінше және ақшалай сыйлықтар табысталады.

Байқау жеңімпаздары екі бағыт бойынша он аталымда анықталады. 

Тақырыптар бойынша номинациялар:

1)    «Еліміздегі реформалар туралы үздік материал» 

2)    «Еңбек адамы туралы үздік материал»

3)    «Жастар туралы үздік материал»

4)    «Аймақ туралы үздік материал»

5)     «Партия жұмысы туралы үздік материал»

6)    «Taza Qazaqstan» – экология мен қоршаған ортаны сақтау туралы үздік материал»

7)    «ҚР Конституциясының 30 жылдығы туралы үздік материал»

Арнайы сыйлықтар: 

1)    Шерхан Мұртаза және Қамал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы

2)    «Алаш аманаты» сыйлығы 

3)    «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» сыйлығы

Толығырақ ақпаратты amanatpartiasy.kz сайтынан қарауға болады.

Байланыс телефондары: 8-7172-70-76-25, 8-7172-70-76-28

Электрондық пошта: media_premiya@amanatpartiasy.kz

Қоңыраулар жұмыс күндері, 09:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін қабыл-данады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары