Белгілі әнші, актриса Жанар Айжанованың қызы, блогер Айжұлдыз Адайбекова не нәрседен қатты үрейленіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Блогер Айым Сейітметова анасы, актриса Данагүл Темірсұлтановамен бірге түсірген тренд видеосын жариялайды. Онда актрисаның қызы жастар арасында танымал болған «сөз арасында жаман сөз айту» трендін түсіреді.
Осы видеоға қатысты Айжұлдыз Адайбекова да пікір білдіріп өтеді.
«Осы трендті түсіруден әлі күнге дейін қорқамын», - дейді Жанар Айжанованың қызы.
Блогердің бұл ойы желі қолданушыларының назарынан тыс қалған жоқ.
«Сіз түсіріңізші. Жанар ханыммен күшті өтеді», «Сіздікін күтіп жүрмін», «Ондай тәуекелге барма», «Жанар апамыз «әй, ішнсин не дейді» деп айтатыны анық», - деп жазды желі қолданушылары.