«Өз басын қыбырғаға соққан»: Ақнәрдің қасында болған қыздың қорғаушысы сол түні не болғанын айтып берді

/
«Өз басын қыбырғаға соққан»: Ақнәрдің қасында болған қыздың қорғаушысы сол түні не болғанын айтып берді
Коллаж: Anyqtime.kz

Алматыда 2024 жылдың мамыр айында көпқабатты үйдің 7-қабатынан құлап қаза тапқан Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты тың мәліметтер айтылды. 23 мамыр күні марқұмның жақындары өткізген баспасөз жиынында, сол түні үйде болған қыздардың бірінің адвокаты Жандос Палманов оқиғаға байланысты өз нұсқасын жария етті, деп хабарлайды Turkystan.kz Anyqtime.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кету керек, Ақнәрдің туыстары куәгер мәртебесінде танылған бойжеткеннің өлімге қатысы бар деп есептейді.

Адвокат Жандос Палманов сол күнгі кештің бейнежазбасын көрсетті. Онда қыздардың дастарқан басында отырып, ән салып, би билеп, көтеріңкі көңіл-күйде отырған сәттері бейнеленген. Алайда бір мезетте жағдай күрт өзгеріп, кадрдан жерде жылап жатқан, шашы жұлынған Ақнәр көрінеді.

«Ол қатты эмоциялық тұрақсыздық көрсете бастайды. Жылайды, шашын жұлып, басын қабырғаға соғады. Менің қорғауымдағы қыз бен үшінші қыз оны сабырға шақыра бастайды. Қорғалушымның айтуынша, марқұмның жігітімен арасында жанжал болған, ол басқа қызға кетіп қалған екен. Ақнәр сол қызбен сөйлесуге барғысы келген. Қыздар оны тоқтатуға тырысқан: "Бұл дұрыс емес, қазір түн, сен массың" деп сабырға шақырған», – деді адвокат.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары