Ташкентте келінін азғындамақ болған ер адам бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Turkystan.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Оқиға Янгихает ауданында болған. 49 жастағы ер адам ұлының отбасымен бірге бір үйде тұрған. Ол өзінің келініне азғындық әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, әрекетін екінші рет қайталамауға уәде берді. Сот ер адамды кінәлі деп танып, оны әкімшілік кодекстің 41-1 бабына сай (сексуалдық азғындық) бес тәулікке қамауға алынды.