«Өзіме көңілім толмайтынын түсіндім»: Әнші Alem сырын ақтарды

/
«Өзіме көңілім толмайтынын түсіндім»: Әнші Alem сырын ақтарды
Әлеуметтік желіден

Jibek Joly арнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасына Ninety One тобының мүшесі, әнші, ALEM лақап атымен танылған Батырхан Мәліков сұхбат берді. Ол Ninety One тобының өзгерістері жайлы айтты, деп жазады turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

"Ой өзгереді. Уақыт өтеді. Біздің айтар мәселеміз, айтар хаттамамыз адамзатқа, месседжіміз өзгерген жоқ. Сол кезден бәрі бірдей. Бір нәрсені айтып жүрміз. Ол жалпы махаббаттың төңірегіндегі, адамзатқа махаббаттың айналасындағы әңгімелер, табиғатқа деген сияқты, болмысқа, өз-өзіңді сүю деген сияқты", - деді ол.

Өзінің бала күнгі армандарын орындай алды ма деген сұраққа өнер иесі былай жауап берді:

"Мен бұған ұзаққ жеттім. Андай болады ғой. Күніге түнде ойларыңыз тамаша ғой. Жатар алдындағы ойларыңыз. Сол кезде бір уақыт болды. Жатар алдында өзімді қатты қазбалай беретінмін. Таңертең оянған кезде бірінші ойды қадағалауға тырыстым. Не ойлаймын деп. Тұра салып. Мен сондай дұрыс емеспін, мен әлі жасамай жатырмын. Біраз нәрсе істеу керек. Өзіме көңілімнің толмайтынын түсіндім. Сосын ақырын зерттей бастап, өзімді тыныштандырып, күнделікті өз-өзіммен сөйлесіп, балалық арманымды орындай бастадым. Ешкімге қарамай соны іске асыруға тырысып, соңында сол кішкентай баланың басынан сипадым", - деді ол.

Әншіге шығармашылық жайлы да сауал қойылды, оған әнші жауап берді:

"Жазылып жатыр. Келесі ән болады. "Махаббат" деп аталады. Маусымның алтысы шығады деп өзім жоспарлап қойдым. Қаншалықты менің перфекционистігім өзіме кедергі болмаса, алтысы шығады. Бірақ мен шығаруға тиіспін. Ол әнді ұстап жүргеніме 2-3 жыл болды. Ол ән жайлы айтып кететін болсақ, оның композиторы мен емес.

Оның 2 жыл алдын ба демосын естіп қалып, Қытайда ағам бар Тынай деген. Тынысбек деген әнші кісі. Ол да жазып, шығарайын деп жатқан кезде естіп қойдым. "Мен айтайын" деп "маған беріңіз" деп айттым. Өйткені ол әннің сондай аурасы, жатқан энергетикасы сондай жоғары. Сол әнді жасап шығарайын деп жатырмын", - деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары