Бокстан Қазақстанның қыздар құрамасы Азия чемпионатында 9 алтын еншіледі

/
Бокстан Қазақстанның қыздар құрамасы Азия чемпионатында 9 алтын еншіледі
kazsports.kz

Бокстан 10-24 мамыр аралығында Коломбода (Шри-Ланка) өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында қыздар бәсекесі бойынша барлық аруымыз жүлде тұғырынан көрінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

12 салмақта жүлде үлестірілген қыздар сайысында барлық отандасымыз финалда жұдырықтасты. Бастапқы жеңіл салмақтағы үш жекпе-жекте жолымыз болмағанымен, қалған тоғыз жекпе-жекте қатарынан спортшыларымыз қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. 7 жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Азия чемпионатының жүлдегерлері:

1-орын. Элина Базарова (54 келі)

1-орын. Виктория Байдукова (57 келі)

1-орын. Анар Тұрсынбек (60 келі)

1-орын. Аружан Жаңабаева (63 келі)

1-орын. Ұлдана Таубай (66 келі)

1-орын. Бақыт Сейдіш (70 келі)

1-орын. Шұғыла Нәлібай (75 келі)

1-орын. Жібек Жарасқызы (81 келі)

1-орын. Әсел Тоқтасын (+81 келі)

2-орын. Ақбота Болат (48 келі)

2-орын. Гүлнар Тұрапбай (50 келі)

2-орын. Томирис Мырзақұл (52 келі)

Алтын саны бойынша көрсеткіш:

Қазақстан – 9 алтын

Вьетнам – 2 алтын

Үндістан (бейтарап) – 1 алтын

Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын — 1000$, 2-орын — 500$,  3-орын — 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары