«80-ге келген шалдай айттыңыз»: Марапат туралы жазған әнші Әмре оқырман сынына жауап берді

/
«80-ге келген шалдай айттыңыз»: Марапат туралы жазған әнші Әмре оқырман сынына жауап берді
instagram

Әмре атымен танылған әнші Ернар Садырбай марапат туралы жазбасынан кейін сынға қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші биыл да «Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы бұйырмағанын жеке парақшасында жазған болатын. Онда ол 30 жасына дейін атақ алу мақсаты орындалмағанын, қайырлысы екенін айтып жеткізді.

Оның бұл жазбасының астында көпшілік сыни пікір жазып жатыр.

Желі қолданушыларының бірі «Ернар ақа, қазақтың Сәкені мен Мейрамбегі атақтан тап-таза болып отырғанда мына әңгімеңіз сәл не емес пе?! «30-ға келдім» деп бір тура 80-ге келген шалдай айттыңыз ба дедім ғой» деген сұрақ қойған.

«Сізге жауап қатайын: Ағаларымның жолы да, жасы да үлкен. Ол кісілер үшін жауап бере алмаймын. Мен өзім жайлы айтып жатырмын.

Сәл нелеу емес! Өнер де жүріп, 75-ке келіп, өнерлік мансап жолында, еш нәтиже шығармасам, жасым үшін марапатталамын ба? Еңбек сіңірген қайраткері жаспен саналады деп кім айтты? Әркімнің өзінің жолы, қойған мақсаты болады. Менің жеке тұлға ретінде және өзімнің алдымдағы мақсатымда 30-ға дейін алу болған. Оны жасай алмадым. Еш бір реніш емес», –  деп жауап берді әнші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары