Биыл жазда Балқаш курорт аймағына қосымша пойыздар қатынайды

/
Биыл жазда Балқаш курорт аймағына қосымша пойыздар қатынайды
Қарағанды облысы әкімдігі

Алдағы жазда Балқашқа дейін 10 теміржол маршруты ұйымдастырылады. Пойыздар Астана, Семей, Алматы қалалары мен Қарағанды облысынан (Мойынты, Саяқ) қатынайды, деп хабаралады turkystan.kz.

1. №54/53 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);

2. № 254/253 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);

3. №122/121 «Нұрлы жол – Семей» (жыл бойы, айдың жұп күндерде).

4. № 643/644 «Мойынты - Балқаш» (күнара);

5. № 605/606 «Қарағанды – Балқаш» (күн сайын);

6. № 6880/6879 «Балқаш – Саяқ» (аптасына 6 рет);

7. № 6877/6878 «Балқаш – Мойынты» (аптасына 6 рет);

8. № 6894/6893 «Балқаш – Саяқ» (аптасына 2 рет);

9. № 6817/6818 «Балқаш 1 – Балқаш 2» (күн сайын).

Сонымен қатар, 1 маусым мен 31 тамыз аралығында айдың тақ күндері №219/220 «Қарағанды-Балқаш» жүрдек пойызы қатынайды. Оның құрамына 4 плацкарт және 2 купе вагон кіреді.

Автомобиль көлігі:

Балқаш көліне дейін «Орталық – Оңтүстік» жол бағыты арқылы төртжолақты жолмен жүруге болады.

Астана қаласынан ұзындығы 217 шақырым «Астана – Қарағанды» жолын өтіп, одан әрі ұзындығы 363 шақырым «Қарағанды – Балқаш» жолы бойынша курорттық аймаққа жетуге болады. Жол жүру уақыты шамамен 5-6 сағатты құрайды.

Ұзындығы 262 шақырымды құрайтын «Меркі-Бұрылбайтал» жолы арқылы да жетуге болады.

Балқашқа Лепсі ауылы арқылы баламалы жолмен де жетуге болады. Мұндағы 27 шақырымдық жол учаскесі қайта жөнделіп, ені 6-дан 7 метрге дейін кеңейтілді. Техникалық санаты V-тен III-ке ауыстырылап, өткен жылдың қазан айында пайдалануға берілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары