Биржада доллар бағасы 3 теңгеге арзандады

/
Биржада доллар бағасы 3 теңгеге арзандады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 507,07 теңгені құрап, 3,28 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 22 мамырға бекіткен ресми бағамы – 510,59 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 508,06 теңгеге сатып алып, 510,13 теңгеге сатып жатыр. Астанада долларды орта есеппен 505,49 теңгеге сатып алып, 511,51 теңгеге сатып жатыр.

Еске салайық, 19 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,21 теңгеге, 20 мамырда – 0,82 теңгеге өсті, ал 21 мамырда – 1,04 теңгеге төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары