Amre атымен танылған әнші Ернар Садырбай 30 жасына дейін «Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алу мақсаты орындалмағанын айтып, жазба жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Әнші өзінің бірақатар халықаралық байқаулар ел атынан төбе көрсетіп жүрсе, биыл тағы да марапат алмағанын айтты.
«Менен басқасының барлығы Мемлекеттік атақ алған сияқты ма? Мен 30 жасыма дейін «Еңбек сіңірген қайраткерін» алу мақсатым болған. Эстарада әншісінің мансабындағы ең маңызды деген барлық конкурстарына барып, төбе көрсетсем де, биыл маған тағы да бұйыртпапты… хайыр! Еш реніш емес, 30 жасыма дейін аламын – деген пенделік арманым болған, 30-дан кейінге қалды енді бұйыртса. Әріптестерімді маңызды марапаттарымен құттықтаймын», - деп жазды Ернар Садырбай.