Маңғыстауда мұнайға батқан ерекше құстың видеосы тарады

/
Маңғыстауда мұнайға батқан ерекше құстың видеосы тарады
скриншот

Желіде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы маңында мұнайға былғанған ерекше құстың видеосы пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Құс Жаңаөзендегі мұнай кәсіпшілігінің маңында болған. Жұмысшылардың бірі құстың тұмсығын шүберекпен тазаламақ болды.

«ECOJER» қауымдастығының облыстық экологиялық кеңесінің төрағасы және экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі Әділбек Қозыбақов құстың үлкен ащы әупілдек немесе сары құтанға ұқсайтынын мәлім етті. Ал желі қолданушылары «Оқпан» құс деп тұжырымдап жатыр.

«Мазутпен немесе мұнаймен ластанғандықтан, түрін дәл анықтау қиын», – деп атап өтті Әділбек Қозыбақов.

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы әзірге жағдайға пікір білдірмеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары