Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен дәрігерлік амбулаториялар салынбақ

Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен дәрігерлік амбулаториялар салынбақ
gov.kz

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, елімізде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру ісі жалғасып жатыр.

Үкімет Жамбыл облысының Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 319,5 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Онда тәулігіне 45 келушіге қызмет көрсетіледі.

Нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Бағдарлама бойынша өңірде 30 нысан құрылысы жоспарланған, оның 28-і пайдалануға берілді. Қалған екеуі биыл тапсырылады. 

Ұлттық жоба шеңберінде Қазақстанда 655 жаңа мекеме – медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарлануда. Қазір 468 нысанда жұмыс аяқталды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерін салуға және ауруханаларды реконструкциялауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Сонымен қатар қаржыландыру Арнаулы мемлекеттік қор есебінен жүзеге асырылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары