Шымкент прокуратурасының үйлестіруімен кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден қасақана жалтарған борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атап айтқанда, борышкер мүмкіндігі бола тұра өз міндеттерін орындау бойынша ұзақ уақыт бойы 1 171 723 теңгені құрайтын берешекті өтемеген.
Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа, сондай-ақ 2022 жылдың 11 шілдеде осындай құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған.
Осыған байланысты соттың 2025 жылғы 16 мамырдағы үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.