Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

/
Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты
kazsports.kz

Бокстан Шри-Ланка астанасында өтіп жатқан U-22 Азия чемпионатында Қазақстанның екі боксшысы ақтық сынға шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

57 кг дейінгі салмақтағы отандасымыз Жасурбек Анорбаев жартылай финалда Непал спортшысы Бир Лимбуға еш мүмкіндік қалдырмады. Есеп: 5:0.

67 кг салмақта Бақтияр Анарбаев екінші жекпе-жегінде Исмаил Әлкасимиді айқын басымдықпен жеңіп, ақтық сынға шықты. Есеп: 5:0. Финалда Анарбаев қырғыз боксшысымен күш сынасады.

71 кг дейінгі салмақта Ағажан Қадыр жартылай финалдан сүрінбей өтті. Ол Кувейт спортшысын әбден тықсырып, төрешілердің 5-0 есебімен басым түсті. Алтын жүлдені қазақ спортшысы Қырғызстан өкілімен сарапқа салады.

Осыған дейін 2 боксшымыз финалға шыққан. Сералы Жолмағанбет (63,5 кг) Мұса Алхасавтан (Сауд Арабиясы) айласын асырса, ал Нұрислам Қалдыбаев (-60 кг) Коломбо қаласында жарыс қожайыны Тиль Дешамды 1-раундтан ары асырмаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары