Бұрынғы жұбайы Карина Мамашты ұрып-соққан экс-дипломат Сәкен Мамаштың ісі Астананың ауданаралық қылмыстық сотына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақпаратты соттың баспасөз қызметі растады.Сот талқылауы 29 мамырда өтеді. Сәкен Мамашты сотқа дейінгі тұтқындау уақыты 7 маусымға дейін ұзартылды.
Еске салайық, 2024 жылдың мамырында Сәкен Мамаштың жұбайы Карина Мамаш күйеуінен таяқ жегенін жариялаған еді. Ол Каринаны ғана емес, Каринаның әпкесін де ұрған. Осыдан кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Сәкен Мамашты Біріккен Араб Әмірліктерінен елге шақырып алған. 9 мамырда Карина Мамаш елге оралып, балаларымен дағдарыс орталығына орналастырылған. Сәкен мен Карина өткен жылдың қазан айында ажырасқан.
Сәкен Мамаш «Азаптау» бабы бойынша 7 жылға сотталуы мүмкін.