Шерзат Полат өлімі: Абзал Шынасыл бұған дейінгі сөздерінен бас тартты

/
Шерзат Полат өлімі: Абзал Шынасыл бұған дейінгі сөздерінен бас тартты
видеодан скриншот

Бүгін Талғарда төбелес кезінде қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін Шерзат Полатқа пышақ сұққан басты күдікті ретінде Абзал Шынасыл танылған болатын. Бүгінгі сот отырысында Абзал Шынасыл жауап беріп жатыр. Ол сол күні өзінде асхана пышағы болғанын, оны үш рет марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың құйрығына сұққанын мойындады. Ал Шерзат Полатқа пышақ сұқпағанын айтып отыр.

«Қонаевқа этаппен кетер кезде Равиль Сакиев, Белғожаев және Азамат Тоқтаубаев үшеуміз сөйлестік. Сакиев «мұны бір адам мойнына алсын, әйтпесе бәрімізге қиын болады» деді. Сол кезде мен өзімде пышақ бола тұра, қылмысты жасырып жүргендей болмайын деп, Шерзаттың өлімін мойныма алдым», — деді Абзал.

Оның айтуынша сол күні пышақ екі-ақ адамның қолында болған. Бірі – өзі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары