Павлодар облысының Железинка ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының дирекоры мен қызметкерлері аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жұмыспен қамту орталығының директоры 2021 жылдың қаңтарынан бастап 2024 жылдың сәуіріне дейін орталық қызметкерлерімен бірлесіп, 110 332 622 теңге бюджет қаражатын ұрлаған.
Қылмыстық схема үшінші тұлғаларға еңбекақы төлеу, көші-қон кезінде материалдық көмек беру, грант беру арқылы жүзеге асырылған.
Орталық директоры 7 жылға, бір қызметкері 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалғандарының 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандықтары шектелді. Оларға пробациялық бақылау тағайындалды. Сондай-ақ мәжбүрлі еңбекке тартылатын болады.