Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полиция қызметкерлері Жұмабаев пен Айнакөл көшелерінің қиылысында екі жүргізуші арасында болған төбелесті анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Audi және Chevrolet Cobalt автокөліктерінің жүргізушілері жолды бөлісе алмай, араларында кикілжің басталып, арты жұдырықтасуға ұласқан. Оқиғаға қатысушылар дереу ұсталды.
Ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен әрбір құқық бұзушыға 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.