Мәскеуде «Бейбарыс» хоккей клубының ойыншысы қайтыс болды

/
Мәскеуде «Бейбарыс» хоккей клубының ойыншысы қайтыс болды
Фото: instagram.com/hcbeibarysatyrau_official

Мәскеуде атыраулық "Бейбарыс" хоккей клубының ойыншысы Олег Гофман қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы "Бейбарыс" хоккей клубының баспасөз қызметі мәлімдеді. Хоккейші 24 жаста болған. Клуб қайғылы жағдайдың мән-жайын нақтылаған жоқ.

"Олег соңғы екі маусым бойы біздің команданың намысын қорғады. Ол біздің жадымызда әрдайым сенімді қорғаушы және абыройлы азамат ретінде сақталады. Оның туған-туыстары мен жақындарына шын көңілден көңіл айтамыз", – делінген хабарламада.

Мәскеудің "Динамо" хоккей клубы да хоккейшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Олар Олег Гофманның "Динамо" мектебінің түлегі екенін және ұзақ уақыт бойы клуб жүйесінде ойнағанын атап өтті. 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары