Мәскеудегі әуежайда қазақстандық әзілкеш ұсталды (ВИДЕО)

/
Мәскеудегі әуежайда қазақстандық әзілкеш ұсталды (ВИДЕО)
Сурет: the-flow.ru

Қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров Ресей астанасындағы Шереметьево әуежайында ұсталды. Бұл туралы ресейлік бірнеше беделді ақпарат көзі хабарлаған, деп жазды turkystan.kz.

Белгілі болғандай, Сабуров көші-қон талаптарын сақтамағаны үшін 5 мың рубль (шамамен 32 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Оған елден белгіленген мерзімде шығу тапсырылды. Алайда, әзілкешке Ресейге қайта кіруге тыйым салынбаған.

Оқиғаға қатысты Нұрлан Сабуровтың менеджері түсініктеме беруден бас тартқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары