Маңғыстауда жаңа курорт пайда болуы мүмкін

/
Маңғыстауда жаңа курорт пайда болуы мүмкін
qaztourism

Бұл туралы Әзірбайжандағы Kazakh Tourism және Sea Breeze Resort арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында белгілі болды. Құжат тұрақты туризм және инвестициялық даму саласындағы әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадамға айналды.

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында Sea Breeze ұқсас курорт салу мүмкіндігін талқылау – екі тарап жүргізген келіссөздегі басты тақырыптардың бірі. Болашақ жоба үшін перспективалық локациялар ретінде табиғи әлеуеті бірегей Кендірлі және Жылы жағажай аталды. Олар саяхатшыларды тартатын халықаралық туризмнің жаңа нүктесі бола алады.

 «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлы Маңғыстау өңірінің инвестициялық және туристік әлеуетін таныстырып, шетелдік инвесторларға арналған мемлекеттік қолдау шараларына назар аударды және одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Жақын арада Эмин Агаларов Маңғыстауға келуді жоспарлап отыр. Онда ол жобаға ұсынылған әлеуетті орындарымен жеке танысады.

«Бізде екі міндет бар — елдеріміз арасындағы өзара туристік ағынды арттыру және Қазақстан аумағындағы Каспий теңізінің жағалауындаосындай курорттық жобаны интеграциялау мүмкіндігін қарастыру», — деді Эмин Агаларов.

Меморандум Kazakh Tourism пен Sea Breeze Resort үшін ынтымақтастықты дамытудың бастауына  айналды. Құжат инновациялық шешімдер мен талдамалық зерттеулерді енгізуден бастап, туристік инвестициялық жобаларды іске асыру мен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға дейінгі негізгі бағыттарды қамтиды. Бүгінгі туризмнің басым бағыттарының бірі саналатын тұрақты дамуға ерекше назар аударылған.

Сапар аясында қазақстандық делегация Бакудегі Sea Breeze жобасымен танысты. Қазіргі уақытта кешен 500 гектар аумақты және 7 шақырым жағалау сызығын қамтиды. Онда тұрғын үйлер, қонақ үйлер, мектептер, медициналық мекемелер, балабақшалар және демалыс аймақтары бар. Болашақта жоба аумағы 1300 гектарға, жағалау ұзындығы 22 шақырымға дейін ұлғаяды деп жоспарлануда.

Курорттық аймақта экологияға ерекше назар аударылады. Қазірдің өзінде 10 миллионнан астам ағаш отырғызылып, баламалы энергия көздері белсенді түрде енгізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары