Өзбектер бізден бақытты

Өзбектер бізден бақытты

Өзбектер бізден бақытты
ашық дереккөзі
1917
Күні кеше сайтымызда "Кейбір қырғыз ауылдарының тұрмысы қазақтардан жақсы" атты мақала жариялаған едік. Мұнда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қырғыз экономикасымен Қазақстан экономикасын салыстыра келе, екі елдің тұрмыс жағдайы шамалас деген пікір білдірген еді. Осы орайда "Жас Алаш" газетінде жарық көрген "Өзбектер бізден бақытты" атты ақпаратты ұсынып отырмыз. Бұл деректерге қарасақ, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде көрсеткіштері бойынша алда тұрғанымен, іс жүзінде түзейтін нәрсесі көп екенін көруге болады. Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі бақытты елдердің (World Happiness Report 2017) рейтингін жариялады. Бұл тізімде «жер-жаһанды мойындатқан», «халықаралық қақтығыстарға төрелік айтқан», «аймақта оқ бойы озып, өзгелердің аузын аштырып кеткен» деп сипатталатын Қазақстан ең бақытты елдер тізімінің көшбасшылығынан көріне алмады. Былтырғы көрсеткіштен, яғни 54-орыннан бақандай алты сатыға төмендеп, 60-орынға әрең тұрақтаған. Бақыт, тұрмыс, қауіпсіздік бойынша рейтингтерде оқ бойы озық тұратын Норвегия, Дания және Исландия бұл тізімде де алғашқылар қатарында. Ал шын бақыттың бесігіне айналған он мемлекеттің ішінде Швейцария, Финляндия, Нидерланды, Канада, Жаңа Зеландия, Австралия және Швеция бар. Орталық Азия елдері ішінде Өзбекстан тұрғындары ерекше бақытты. Қазақстаннан 13 саты жоғары тұр. Өзбектермен салыстырғанда ресей азаматтарының бақыты – 49-орынға тұрақтапты. Түркіменстан көршіміз бізден бір саты болса да жоғары, тізімде 59-орында. Ал қырғыздарға бақытты ұзақ іздей түсуі керек. World Happiness Report 2017 рейтингісінде бауырлас қырғыз елі 98-орында. Бас-аяғы 155 мемлекеттің бақытын таразылайтын рейтинг азаматтардың  маңызды шешімдер қабылдаудағы еркіндік деңгейі, мемлекеттің ішкі өнім көлемі, қоршаған орта, адамдардың өмір сүру жасының ұзақтығы, халықтың мәдениеті мен жомарттығы һәм жемқорлығы сияқты бағамдарын талдау арқылы жасалады. «Бақытты елдер дегеніміз – молшылық пен әлеуметтік капиталдың тұрақты балансы бар елдер. Яғни қоғамның жоғары сеніміне ие болған, теңсіздік деңгейі өте төмен, билігі әділ мемлекеттер», – дейді SDSN директоры әрі БҰҰ бас хатшысының кеңесшісі Джеффри Сакс. Былтыр жоғарыда аталған агенттік «Бақытсыздық индексі–2016» деген атаумен экономикасы осал елдердің тізімін түзіп, 63 мемлекеттегі экономикалық көрсеткішке, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне, жұмыссыздық пен инфляция деңгейіне қарап рейтинг жасаған болатын. Сол рейтингте Қазақстан Венесуэла, Аргентина, Оңтүстік Африка Республикасы, Сербия, Бразилия секілді ең кедей мемлекеттердің ортасынан көрініп, бақыт дегеннің не екенін білмейтін елдердің ондығына ілінген еді. Бірақ бұл тізімге бізден басқа Орталық Азиядан ешбір ел енбеген болатын.

Серіктес жаңалықтары