«ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа функция іске қосылды

/
«ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа функция іске қосылды
istockphoto.com

«ЦОН» мобильді қосымшасына жаңа функция қосылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше енді азаматтар мемлекеттік қызметке берген өтінімнің мәртебесін (статусын) нақты уақыт режимінде көре алады.

Өтінім мәртебесін көру үшін қолданушы қосымшадағы «ХҚКО қызметтері» немесе «Арнайы ХҚКО қызметтері» бөлімін таңдап, өтінім нөмірін енгізуі керек

«Бұл жаңашылдық қызмет көрсету процесін барынша ашық етіп, азаматтарға өтінімнің қай сатыда тұрғанын және нәтижені қашан алуға болатынын нақты білуге мүмкіндік береді. Ең бастысы енді өтінім мәртебесін білу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ», - деп жазылған хабарламада.

Әр қолданушы өз өтінімінің қаралу кезеңін көріп, кез келген өзгеріс туралы жедел хабар алады.

«Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев өтінім мәртебесін бақылау жүйесін енгізу мемлекеттік қызметтерді жаңғыртудың маңызды қадамы екенін атап өтті

«Бұл шешім ашықтықты арттырып, халыққа қызмет көрсетудің қолайлылығын күшейтеді», – деп түсіндірді.

Қосымшада сонымен бірге электронды қолхаттарды сақтау және көру мүмкіндігі іске қосылған. Бұл қолхат – өтінімнің қабылданғанын немесе қызметтің көрсетілгенін растайтын ресми құжат. Ол автоматты түрде «Тапсырыс тарихы» бөлімінде сақталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары