Жеңіс Ысқақова кәріс ұлтының өкіліне сәлем салдыртты

/
Жеңіс Ысқақова кәріс ұлтының өкіліне сәлем салдыртты
коллаж: turkystan.kz

Танымал әнші Жеңіс Ысқақова кәріс қызының қазаққа келін болып жүргенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Әншінің сөзінше, Қызылорда қаласының тумасы Валентина Кимнің қазақ отбасына келін болғаны 15 жыл болыпты. 

«Валентина, мен сені кәріс деп мүлде ойламаппын. Сенімен кездесіп отырғаныма үшінші рет, бірақ сенің таза кәріс ұлтынан екеніңді білмеппін. «Настя» деген құрбым, мені «Женя» деп жатады сол сияқты сені сол өзіміздің «Валя» деп ойладым», - дейді әнші Жеңіс Ысқақова.

Ал кәріс қызы болса еш ойланбастан, «Мен Әлімнің келінімін, қазақ еліне бір сәлем», деп сәлем салған.

Бұл қылығына риза болған әнші қазақтың келінін бір мақтап қойды.

«Пай-пай шіркін,қазақтың келіндері-ай! Елге келіп,көңілім толып отырған сәт!», - деді әнші.

Валентина Ким қазіргі таңда үш баланың анасы.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары