Сіз жылы су денсаулықтың көзі екенін білесіз бе? Күнделікті өмірде көпшілігіміз су ішу керектігін білеміз, бірақ оның жылы болуы ағза үшін әлдеқайда пайдалы екенін ескере бермейміз. Таңертең аш қарынға ішілген бір стақан жылы су ағзаны оятып, көптеген жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді. Бұл қарапайым әдет өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.
1. Ас қорыту жүйесін жақсартады
Жылы су асқазандағы тағамды оңай ерітіп, ас қорытуды тездетеді. Әсіресе таңертең ашқарынға ішкен су ішектің қозғалысын белсендіріп, асқазанды жаңа күнге дайындайды.
2. Ағзаны токсиндерден тазартады
Жылы су ішкенде ағзадағы зиянды қалдықтар, яғни токсиндер терлеу және зәр арқылы сыртқа шығады. Бұл бауыр мен бүйректің жұмысын жеңілдетіп, жалпы саулықты жақсартады.
3. Теріні тазалап, жарқыратады
Ағза тазарған сайын тері де жақсарады. Безеу, қара дақтар азайып, тері таза әрі жұмсақ бола түседі. Сонымен қатар, жылы су қан айналымын жақсартып, теріге табиғи жарқырау береді.
4. Артық салмақтан арылуға көмектеседі
Жылы су зат алмасуды жеделдетіп, майдың ыдырауын тездетеді. Егер суға лимон немесе бал қоссаңыз – бұл артық салмақпен күресте тиімді құрал болмақ.
5. Тұмау мен жөтел кезінде көмектеседі
Жылы су тамақтағы ауырсынуды жеңілдетіп, мұрынның бітелуін азайтады. Жөтел кезінде тамақты жұмсартып, қақырықты шығару процесін жеңілдетеді.
6. Бұлшық ет пен буын ауырсынуын жеңілдетеді
Жылы су қан айналымын жақсартады. Бұл өз кезегінде бұлшық еттер мен буындардағы ауырсынуды азайтып, денені босаңсытады.
7. Іш қатудың алдын алады
Ашқарынға жылы су ішу ішек жұмысын белсендіреді. Бұл іш қату мәселесінен құтылуға және ішектің табиғи қозғалысын қалпына келтіруге көмектеседі.
8. Стрессті азайтады
Жылы су жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді. Ол денені тыныштандырып, көңіл күйді тұрақтандыруға көмектеседі. Стрестік жағдайларда жылы су ішіп, аздап демалсаңыз, әсерін байқайсыз.
9. Қан айналымын жақсартады
Жылы су тамырларды кеңейтіп, қанның еркін айналуына мүмкіндік береді. Бұл жүрекке түсетін күшті азайтып, қан қысымын тұрақтандыруға көмектеседі.
10. Ауыз қуысын және тамақты тазартады
Таңертеңгі жылы су ішкенде ауыз қуысындағы бактериялар шайылып, тамақтың саулығы артады. Бұл тыныс жолдарын да тазартып, жағымсыз иістен арылуға көмектеседі.