Ақтауда оқ жарақатын алған 11-сынып оқушысының күрделі оталардан кейін жағдайы оңала бастаған. Алайда бір көзі мүлде көрмей қалған, деп хабардайды turkystan.kz Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға былтыр 30 желтоқсанда Ақтаудың қақ ортасында болған. 11-сынып оқушысы кинодан шығып, үйіне қайтып келе жатқанда бір топ бала оның досына тиіскен. Досына араша түскен оқушыға топ ішіндегі біреу пневматикалық қару кезеп, бірден оқ атып жіберген. Тіпті, жерде жатқанда басынан теуіп, ұрса керек.
«Оқ сол жақ көзіме тиды. Содан соң не болғанын білмеймін. Тас қараңғы болып кетті. Көзім ағып кеткен шығар деп қатты қорықтым. Қазір бір көзім көрмейді. Ұшықыштарды оқытатын университетке ққжап жинап жүрген едім. Бала кездегі арманым еді», – дейді оқушы.
Ал жәбірленушінің анасы ұзаққа созылған тергеуге көңілі толмайды. Оның айтуынша, күдікті әлі бостандықта жүр. Сот-медициналық сараптама қорытындысы да шықпаған. Ал полиция кәмелетке толмаған 1 баланың тергеліп жатқанын мәлімдеді.
«Қайта-қайта көзін сұрай береді. Мама "Көзім қалай, көзім қалай?" дейді. "Бәрі жақсы болады, балам" дедім. МРТ түсіргенде ішінде оқ бар екенін анықтады. Ота жасады. Полицияға екі рет барғанда да бетпе-бет кездесу болған жоқ. Олар да 2007 жылғы балалар, колледжде оқиды. Не үшін қолына мылтық ұстап жүргені, 12 бала топ болып қайда жүргенін ата-ана білу керек қой», – дейді жәбірленушінің анасы.