Алматыда жас келіншек байламға есірткі салып, таратқан

/
Алматыда жас келіншек байламға есірткі салып, таратқан
polisia.kz

Алматы қаласының Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында синтетикалық есірткіні сақтады және таратты деген күдікпен жас келіншекті ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz

- Жеке тінту кезінде одан зат салынған жиырмадан астам байлам тәркіленді, сараптама қорытындысы бойынша, ол "альфа-PVP" екені расталды. Психоактивті зат аса қауіпті есірткі санатына жатады. Сондай-ақ ұялы телефон тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады. Интернеттегі "оңай ақша" туралы күмәнді ұсыныстарға келіспеңіз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары