Қостанайдың екі тұрғыны аса ірі көлемде психотроптық заттар дайындаған

/
Қостанайдың екі тұрғыны аса ірі көлемде психотроптық заттар дайындаған
istockphoto.com

Қостанайдың екі тұрғыны алдын-ала келісіп, үшінші бір тұлғамен бірлесіп, аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындаумен айналысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар  2024 жылдың мамыр айында Қостанай қаласынан жеке үйді жалға алған. Үй иелігінде орналасқан моншаны есірткі зертханасына бейімдеп, психотроптық заттарды өндіруге қажетті жабдықтар, химиялық реактивтер мен прекурсорлар әкелген.

Олар психотроптық заттар партиясын аса ірі мөлшерде дайындағаннан кейін бір бөлігін Қостанай қаласының аумағында жасырып жүрген кездерінде ұсталды.

Сот үкімімен әрқайсысы 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Олар енді жазасын қауіпсіздігі орташа абақтыда өтейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары