«Егіздің сыңары»: Шымкентте клиникалық өлім жағдайындағы сәби аман қалды

/
«Егіздің сыңары»: Шымкентте клиникалық өлім жағдайындағы сәби аман қалды
Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасы

10 сәуір күні Қалалық балалар клиникалық ауруханасына 27 күндік нәресте клиникалық өлім жағдайында түскен, деп хабарлады turkystan.kz.

Анасының айтуы бойынша, егіз балалардың сыңары, түнде анасы оянып қараған кезінде бала тыныс алмай, ес-түссіз жағдайда жатқан.

Аурухананың реаниматолог дәрігерлерінің шұғыл көмегінің арқасында, баланың тыныс алуы мен жүрек соғысы қайта қалпына келтірілді. Жан сақтау бөлімшесінен жағдайы тұрақтылып, сырқат нәрестелер бөлімшесіне ауыстырылды.

Бөлімшеде ем алған сәбидің денсаулық жағдайы жақсарылып, үйіне шығарылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары