Әнші Балжан Бидаш жеке өмірі туралы желідегі оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі тұрмысқа шығуға қатысты жаңалығы барын айтты.
«Тұрмысқа шығу ойда бар. Тек қана сүюден бөлек, тыныс беретін, жалынымды сөндірмей, қайта биікке көтеретін мықты, өзіне сенімді адам керек екенін өмір түсіндіріп жатыр. Ең бастысы, маған не керек екенін жақсы түсінемін. Қалай сүйсе, солай сүюге дайынмын. Мүмкін, ол күндер де алыс емес», – деп жазды әнші.