"Өз өңіріңізде көргенді басқа облысқа тықпыштамау керек": Нұрлан имам елдегі жерлеу рәсімінің жоралғылары туралы

"Өз өңіріңізде көргенді басқа облысқа тықпыштамау керек": Нұрлан имам елдегі жерлеу рәсімінің жоралғылары туралы
ашық дереккөзден

Нұрлан Байжігітұлы имам әр облыстағы жерлеу рәсімінің жорғалғыларын бірізділікке салу үлкен қате деп есептейді, деп хабарлайды turkystan.kz «Хабар» агенттігіне сілтеме жасап.

«Өзіңіз көріп жүрген жағдайды басқа облысқа тықпыштамау керек. Ол Арабияны қойыңыз. Біздің Қазақстанның өзінің төрт тарапы төрт түрлі. Бір-бірінікін мойындамайды. Мынау «Менікі дұрыс» дейді, анау «Менікі дұрыс» дейді. Араб дүниені қойыңыз. Біреу тамақты жейді, біреуі жемейді. Біреуі келгеннен кейін жейді. Біреуі әйелдерге қызмет жасай береді, күйеубала барады, күйеубала бармайды, сен қал, мен қал. Мұның түбіне жетпейді. Менің есебімде, түсінігімде бұл солай қалуы керек. Мұны бұрмау керек. Барлығын бірізділікке түсіру – үлкен қателік. Әр облыстың ерекшелігі бар. Мысалы, дінде масхабтың төртеу болуы діннің кеңдігін көрсетеді. Немесе 4 масхабтың біреуін алып тастап, неге бір масхаб жасамады ғалымдар? Себебі бұл – ерекшелік", – дейді Нұрлан имам.

Ол өз сөзінде өзге өңірдің заңын құрметтеуге шақырды.

«Басқа өңірден келген адам болсаңыз, сол жердің заңын құрметтеңіз. Жеті шелпегі бар ма, жеті шелпегін құрметтеңіз. Сегіз шелпек дей ме, сегіз шелпегін құрметтеңіз. Сонда біз ұлтты сақтап қаламыз. Біздің ерекшелігіміз, даралағымыз осыда. Бүкіл Қазақстан бірізділікпен жүру керек деген – үлкен қате. Сондықтан әр облыстың заңына бағынуымыз керек. Мысалы, қазақтың кимешегін алыңыз. Әр облыстының кимешегінің әр түрі бар. Бұл даралық емес пе? «Мынау мына облыстың қыз-келіншегі екен?» деп айқындай аламыз. Сол секілді неке қию, жерлеу рәсімінің ерекшелігін сақтау керек», – дейді Нұрлан Байжігітұлы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары