Көкшетауда жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

/
Көкшетауда жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды
istockphoto.com

Көкшетауда із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«14 мамырда Көкшетауда полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен ер адамның мәйітін тапты. Оның денесінде зорлық-зомбылық іздері бар. Жедел іздестіру барысында күдікті анықталып, ұсталды», - деді Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары