Өскеменде жоғалып кеткен бозбала табылды

/
Өскеменде жоғалып кеткен бозбала табылды
istockphoto.com

17 жастағы бозбала таңертең колледжге кетіп, түстен кейін үйіне қайтып оралмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анасы бірнеше рет телефон шалғанымен, баласының телефоны сөндірулі болған. Жоғалған баланы өз бетінше іздегенімен, нәтижеге жете алмаған ана көмекке полицияға жүгінген.

Полицейлер бірден іздестіру іс-шараларына кірісті. Колледжден үйге дейінгі бағыттағы барлық бейнебақылау камералары тексеріліп, қаланың түрлі аудандарындағы жазбалар зерделенді. Жиналған деректер негізінде жасөспірімнің қозғалыс хронологиясы жасалды. Жедел-іздестіру іс шаралары барысында полицейлер жақын маңдағы аумақтарды, иесіз қалған үйлер мен құрылыстарды, сондай-ақ жасөспірім болуы мүмкін басқа да орындарды тексерді. Кейіннен полйцейлер жасөспірімді саяжай аумағының маңынан тапты.

Тәртіп сақшыларына берген түсініктемесінде ұл бала бірнеше күн бойы сабаққа бармағанын, уақытын компьютерлік ойындарға арнағанын, ата-анасы біліп қоя ма деген қорқынышпен үйге қайтуға батылы бармаған.

Кәмелетке толмаған жасөспіріммен ата-анасының қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, мұндай әрекеттің салдары, оның ішінде жеке қауіпсіздік, күн тәртібін сақтау және заңды өкілдер алдындағы жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары