Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров елде жыл сайын ұлттық жаңа мереке – Эпос күнін атап өтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz ufa1.ru-ға сілтеме жасап.
Ол өз сөзінде Ay Yola тобының әлемдік чарттарда хит болған туындысын атап өтті.
«Hомаy туындысы республиканың бренд ретінде маңызын көрсетті. Ay Yola — тілге, мәдениетке және рухани құндылықтарға деген махаббаттың үлгісі. Осы орайда Ринат Рамазановқа, Руслан мен Адель Шайхитдиновтарға біздің мәдениетімізді белсенді түрде насихаттап жүргеніне алғысымды айтамын», — дейді Радий Хабиров.