Маңғыстауда жол бойында көлік өртеніп кетті (ВИДЕО)

/
Маңғыстауда жол бойында көлік өртеніп кетті (ВИДЕО)

Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылында 1998 жылғы «ГАЗ 3102» автокөлігі толығымен жанып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға 13 мамыр күні кешкі сағат жетілер шамасында болған.

Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, көлік толығымен жанып кетті. Бірақ зардап шеккендер жоқ. 

Өрт сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталуда, – деп мәлімдеді ведомстводан.

Өрт болған сәт видеоға түсіп қалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары