12 мамырда 20 жыл бұрын америкалық отбасы асырап алған қарғандылық қыздар Астанаға келді, деп хабарлады turkystan.kz сайты.
5 қазақ қызы асырап алған өгей аналары Шаронмен бірге келген. Оларды белгілі журналист Гүлмира Дайрабай әуежайдан қарсы алды.
«2021 жылы мен АҚШ-та оқуда жұргенде Шаронмен танысып, біздің қазақ қыздарымен көрдім. Кейін олармен жақын араласып, 15-інші немересін қырқынан шығарып, ағайын сияқты араласып кеттік. Бұл туралы документалдық фильм youtube желісінде бар.
Sharon маған хабарласып, «қалай болады екен?!» деп уайымдап, қыздарымен 20 жылдаң кейін бірінші рет келіп тұр», - деп жазды журналист желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, қыздардың есімі – Зарина, Индира, Суйкімді, Эльвира және Найля.
Бірнеше аптаның ішінде бұрынғы қарағандылықтар, ал қазір АҚШ азаматтары өздері туып-өскен елді жақсырақ танып, олардың түп-тамырымен танысатын болады.
«Мұнда болу өте жақсы әрі ерекше. 19 жыл көрмеген әпкемді көрдім. Бізді қазақы салт-дәстүр бойынша қарсы алды. Бауырсақтың дәмі есіме түсті», – деді Сүйкімді Коллинз өзінің алғашқы эмоцияларымен бөлісіп.