«Таласбек» сыйлығына шығарма қабылдау жалғасып жатыр

/
«Таласбек» сыйлығына шығарма қабылдау жалғасып жатыр
qalamger.kz

Жазушы Таласбек Әсемқұлов атындағы сыйлыққа шығарма қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Таласбек» сыйлығының ережелері:

1. Бір қаламгер өмірінде тек бір рет «Таласбек» сыйлығының иегері атана алады.

2. «Таласбек» сыйлығы «үздік әдеби туынды» және «Таласбектану» сынды екі аталым бойынша беріледі.

3. «Таласбек» сыйлығына қаламгерлер өзін ұсына алады немесе сол жылы жарияланған шығармалар ішінен ұйымдастырушылар өздері таңдауы да мүмкін.

4. Қаламгерлерге жас шектемесі жоқ.

5. Автордың тұрғылықты мекенжайына, азаматтығына, шығармашылық одақтардағы мүшелігіне ешқандай шектеу қойылмайды.

6. Шығарманың жанрына, көлеміне ешқандай шеткеу қойылмайды.

7. «Таласбек» сыйлығына шығармаларды қабылдау, іріктеу әр жылы 1 наурызда басталады. 7 тамызда сыйлықтың қысқа тізіміне (шорт лист) енген шығармалар жарияланады.

8. Сыйлықтың қорытындысы әр жылы 23 қыркүйекте шығарылады.

9. Қысқа тізімге енген шығармалар Otuken.kz сайтына жарияланады.

10. Автордың сыйлықты алудағы басты артықшылығы немесе шығарманың сыйлық алу себебі жария етіледі.

11. Қазылардың басым бөлігінің дауысын алған автор сыйлық алады. Шешім қайта қаралмайды.

12. Шығармалар қазақ тілінде қабылданады. Аударма шығарма келіп түссе, автор мен аударушы бір сыйлықты бөліп алады.

13. Сыйлыққа қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

14. Сыйлыққа ұсынылатын шығармалар talasbekaward@gmail.com электронды поштасына жолдануы қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары